Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты. – Адами капитал перзентханадан басталады десек, артық айтқанымыз емес. Сол себепті ана мен баланың денсаулығы мемлекеттің қорғауында. Бүгінде қаладағы екі перзентханада күрделі жөндеу жүріп жатыр. Бұл жұмыстар таяуда аяқталады. Жалпы, Шымкентте төрт перзентхана бар. Орынның тапшылығына байланысты Бірінші аурухананың жанынан бесінші перзентхананы ашуды көздеп отырмыз, – деді қала әкімі. Мұрат Дүйсенбекұлының айтуынша, қазіргі таңда Шымкент қаласының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2025 жылға дейінгі жоспары дайындалып жатыр. Бастапқы медициналық көмекке көп көңіл бөлінеді. Бұл салаға жеке инвесторлар да келуде. Жеке емханалардан бөлек, биыл мың орындық заманауи аурухана құрылысын бастау жоспарланып отыр. Айта кетейік, былтыр үшінші мегаполисте 31 455 сәби дүниеге келген.
Новости
Биыл Шымкентте бесінші перзентхана ашылады
Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта өткен халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты..
Контакты
ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"Адрес:
Email:
РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1
emxana_7@mail.ru