about us icon Пресс-центр

Новости

news image

Шымкентте 55 мың адам компьютерлік томографиядан өткен

Шымкент қаласында жыл басынан бері 55 мыңға жуық адам КТ зерттеуінен өткен.

13, октября

Шымкент қаласында жыл басынан бері 55 мыңға жуық адам КТ зерттеуінен өткен. Олардың басым бөлігі пневмонияға шалдыққан және коронавирус диагнозы расталған науқастар. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Компьютерлік томография аппараты қаладағы 21 медициналық ұйымда бар. Ал, қалалық инфекциялық аурухана мен №2 және №3 ауруханаларда КТ аппараты тәулік бойы жұмыс істейді.

Компьютерлік томография аппараты өкпесі қабынған науқастарды емдеуде зор септігін тигізеді. КТ-диагностикасы дәрігерлердің патологияның бар-жоғын 100 пайыз дәлдікпен анықтауға, емдеудің тиімді тактикасын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Бүгінде дәрігерлеріміз науқастарға емдеудің тиімді тактикасын қолдана отырып, өкпенің зақымдану пайызы 80-90 ға жеткен азаматтарды жазып шығаруда.

Компьютерлік томография (КТ) — әртүрлі ауруларды диагностикалаудың заманауи әдістерінің бірі. Бұл зерттеу әдісінің негізі рентген сәулелерінің әрекеті болып табылады. Құрылғы пациенттің айналасында айналады және бірнеше суретке түсіреді, оны компьютер өңдейді және дәрігер қорытындылайды. Компьютерлік томография адамның ішкі ағзалары мен тіндерінің ауруларын диагностикалау үшін жүргізіледі.

Контакты

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

Адрес:

Email:

РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1

emxana_7@mail.ru

phone icon 1414
Единый контакт-центр
phone icon 43-06-55
Контактный центр медицинского учреждения