Жиі кездесетін сұрақтар
1. Неліктен МӘМС жарналарын төлеу керек?
+
Мәртебені кімдер алады:
- Жарналарды үнемі төлейтін жұмысшылар.
- Дербес төлеушілер.
- Жеке кәсіпкерлер.
- Мемлекет төлейтін адамдар және т. б.
Білу маңызды:
- “Сақтандыру” мәртебесі берешек болмаған жағдайда ғана беріледі.
- Өзін-өзі төлеушілер болашақ 12 айдағы жарналарды қарызды өтемей төлей алады.
- Мәртебе соңғы төленген айдан бастап 3 айға созылады, бірақ осы уақыт ішінде берешек есептеледі.
“Сақтандыру” мәртебесі сапалы медициналық көмекке қол жеткізуге мүмкіндік береді, аурулардың немесе жарақаттардың қаржылық тәуекелдерін азайтады және уақтылы медициналық көмек арқылы қоғамдық денсаулықты сақтауға ықпал етеді.
Дереккөз:
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚР Заңының 5-бабы https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000405
2. Мемлекет төлейтін МӘМС-ке жеңілдікті Санаттар, МӘМС-ке жарналар?
+
Мемлекет төлейтін халықтың жеңілдетілген санаттарын осы жерден біле аласыз.
3. МӘМС-те уақытша мәртебені қалай алуға болады?
+
Ол үшін Сіз qoldau 24/7 мобильді қосымшасын пайдаланып, сіздің мәртебеңізді растайтын құжаттарды жібере аласыз.
Уақытша мәртебе алу үшін қандай құжаттарды тіркеу керек:
- Балалар – туу туралы куәлік
- Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар – жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама
- Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер-027\у нысаны бойынша анықтама
- Баланы 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) – 3 жасқа дейінгі баланың туу туралы куәлігі – баланың туу туралы куәлігі
- Мүгедек баланы күтуді жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар – мүгедектігі туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігі, жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама
- Бала кезінен бірінші топтағы мүгедек балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар -мүгедектігі туралы анықтама және бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамның жеке басын растайтын құжаттар
- Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері – жеке куәлік, ҰОС ардагері куәлігі
- Жұмыс істемейтін қандастар – қандас куәлігі және жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама
- “Алтын алқа”, “Күміс алқа” алқаларымен наградталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ I-II дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен наградталған көп балалы аналар – марапатты растайтын құжат
- Мүгедектігі бар адамдар – мүгедектік туралы анықтама
- Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар – оқу орнынан анықтама, студенттік билет
- Жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар – пациенттің АӘК алушыға тиесілігін растайтын анықтама
4. Егер мен МӘМС-те сақтандырылмаған болсам ше?
+
2.Төлеушінің санатына қарай МӘМС жарналарын төлеңіз
* сұрақтар туындаған жағдайда сіз 1414 нөміріне қоңырау шала аласыз немесе бізге Qoldau 24/7 қосымшасында жаза аласыз
5. МӘМС-ке қанша қаражат төленгенін қайдан көруге болады?
+
МӘМС-ке аударылған сомалармен сіз электрондық үкімет порталының “Денсаулық сақтау” бөлімінде ЭЦҚ сұрауына қол қою арқылы немесе ХҚКО арқылы таныса аласыз.
“Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде қатысу туралы және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беріледі”
6. Егер бұрын МӘМС жарналарын төлемеген болса, сақтандыру мәртебесін қалай алуға болады?
+
Дербес төлеуші:
- Жарналарды алдағы 12 айға төлеңіз. Бұл сома ағымдағы жылдың әр айы үшін ең төменгі жалақының 5% құрайды. (Мысалы, 2024 жылға – айына 4250 теңге).
- Соңғы 12 айдағы қарызды төлеңіз: сома алдыңғы қаржы жылының әрбір айы үшін ең төменгі жалақының 5% құрайды. (Мысалы, 2023 жылға – айына 3500 теңге, 2024 жылға – айына 4250 теңге).
МӘМС жүйесінде сақтанушы мәртебесін алу үшін осы төлем әдістерінің бірін таңдаңыз.
Дереккөз:
“Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы” 2015 жылғы 16 қарашадағы № 405-V ҚР Заңының 5-бабының 3-2-тармағы
7. Қарыз кезеңдерін қайдан көруге болады?
+
8. Тұрақты табысы жоқ маусымдық қызметкерлерге МӘМС-ке аударымдарды қалай жасауға болады?
+
Жұмыс аяқталған кезде және кірістер болмаған кезде (жұмыс істемесе), ол МӘМС-ке жарналарды дербес төлеуші ретінде төлей алады немесе жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз ретінде есепке алу үшін жұмыспен қамту бөліміне жүгіне алады.
9. МӘМС сақтандыру мәртебесін қайдан білуге болады?
+
* Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының сайты
* Telegram-бот (https://t.me/SaqtandyryBot)
* Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
Байланыстар
ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"Мекен-жайы:
Email:
РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1
emxana_7@mail.ru
ScreenReader 








