МӘМС пакетіндегі стоматологиялық көмек тізімін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын азаматтардың жекелеген санаттарына ұсынылады.
❗ Жоспарлы стоматологиялық көмек 18 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге көрсетіледі.
❗ Шұғыл стоматологиялық көмек 10 санаттағы азаматтарға қолжетімді:
🔸️ 18 жасқа дейінгі балалар;
🔸️ Жүкті әйелдер;
🔸️ Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
🔸️ 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
🔸️ «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналар;
🔸️ Атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
🔸️ Жасына байланысты зейнетке шыққандар;
🔸️ Инфекциялық, әлеуметтік-маңызды аурулармен және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулармен ауыратын науқастар;
🔸️ Мүгедек балаға күтіміне байланысты жұмыс істемейтін тұлғалар;
🔸️ Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын жұмыс істемейтін тұлғалар.