about us icon Біз туралы

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

diagnostika photo

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының «№ 7 қалалық емхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 64,2 мың адамға, оның ішінде 25,4 мың балаға аурудың алдын алу, білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді.

Емхана жоғарғы және орта оқу орындарының мамандарын даярлауға арналған клиникалық база болып табылады.

Амбулаториялық-емханалық көмек: 4 отбасылық денсаулық орталығы (аймақтық қызмет).

Психопрофилактика және әлеуметтік көмек: дәрігерге дейінгі қарау бөлмелері, дені сау бала кабинеті, психолог, әлеуметтік қызмет, отбасын жоспарлау кабинеті.

Клиникалық диагностикалық бөлімде амбулаториялық-кеңес береді: акушер-гинеколог, хирург, травматолог, кардиолог, невропатолог, ЛОР маманы, офтальмолог, дерматовенеролог, гастроэнтеролог, онколог, маммолог, стоматолог, уролог, физиотерапевт, эндоскопист, рентгенолог, рабилитолог.

50 төсектік науқастарға стационар алмастырушы медициналық-сауықтыру шаралары. Стационар алмастырушы көмек жоспарланған науқастарға көрсетіледі.

Емхана соңғы диагностикалық қондырғылармен жабдықталған.

Функционалды диагностика-ЭКГ, ВЭМ, Холтер, ЭЭГ, РЭГ спирография. Сәулелік диагностика: ультрадыбыстық, ЭХО КГ, рентген, маммография, флюорография.

Эндоскопиялық диагностика – ЭФГДС, колоноскопия.

Функционалды және зертханалық қызметтер: клиникалық, иммунологиялық, гематологиялық, бактериоскопиялық, биохимиялық.

Біз медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа профилактикалық қызмет, сондай-ақ халыққа әлеуметтік-психологиялық қызметтер ұсынамыз. Тұрғындарн арасында профилактикалық тексерістер жүргізіледі.

Мамандандырылған емдеудің барлық мүмкіндіктері таусылған кезде, созылмалы аурудың әртүрлі формасымен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға арналған үй жағдайында паллиативті көмек көрсетеміз.

«№7 қалалық  емханасында» 4-ші санаттағы жедел жәрдем шақыртуларына қызмет ететін фельдшерлерден құралған 2 жедел топ жұмыс істейді. Команда арнайы көліктермен, медициналық жабдықтармен, жұмыс киімдерімен жабдықталған.

 

Біздің медициналық ұйымымызда, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 58-бабына сәйкес, пациентті қолдау қызметі жұмыс жасайды.

 

Емхана кестесі 8-00 ден 20-00 ге дейін. Демалыс және мереке күндері: 9-00-ден 14-00-ге дейін науқастарды қабылдауды кестеге сәйкес кезекші дәрігер және орта медициналық қызметкерлер жүргізеді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1

emxana_7@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 43-06-55
Медициналық мекеменің байланыс орталығы