about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Қаланың бас дәрігері алғашқы жұмыс күнінде бөбектер үйіне барды

Қаланың бас дәрігері алғашқы жұмыс күнінде бөбектер үйіне барды

13, Маусым

Басқарма басшысы Асхан Байдувалиев және қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова қаладағы мамандандырылған бөбектер үйін аралап шығып, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайымен танысты.

Басқарма басшысы мен әкім орынбасары арнайы топ-топқа көріп, емдік денешынықтыру кабинеті, монтессори,физио кабинеті мен оқшаулау бөлмесінің жұмысын көріп шықты.

Айта кетейік, мамандандырылған бөбектер үйі жетім балаларға медициналық көмек пен медициналық көмек көрсетуге арналған денсаулық сақтау мекемесінің нысаны болып табылады. Мұнда балалар туылғаннан төрт жасқа дейін тәрбиеленеді.

Шымкент қаласының және Түркістан облысының барлық аумағындағы балалар бөбектер үйіне келеді. Бұл – жетім балалар, мүгедек балалар, стационарлық емделушілер немесе қамауда ұстау орындарында тұратын жас аналардан, некеден шыққан жалғызбасты аналардың балалары.

Бөбектер үйінде дәрігерлер, логопедтер, массажистер, музыка жетекшісі, психолог, монтессори педагогы мейірбике және бала күтушілер жұмыс істейді.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1

emxana_7@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 43-06-55
Медициналық мекеменің байланыс орталығы