about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Шымкент тұрғындары тегін дәріні енді емхананың өзінен алатын болды

Шымкент тұрғындары тегін дәріні енді емхананың өзінен алатын болды

13, Маусым

Шымкенттіктер тегін дәріні енді емхананың өзінен алатын болды. Бұл үшін қаладағы 13 мемлекеттік емхана ішінен дәріхана ашылып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін болды. Енді диспансерлік есепте тұратын азаматтар алысқа бармай-ақ, тегін дәрі-дәрмекті емхана ішінен алады.

«Бұрын «СК Фармация» қандай жекеменшік дәріханамен келісім-шартқа отырса, сол жерден алатын. Қазір тікелей емхана дәріханасына келеді. Мұның тиімділігі – диспансерлік есепке тұрған азаматтар дәрігердің қабылдауында болып, емдік рецепті тағайындағасын, бірден дәрі-дәрмегін алып кетеді, – дейді №7 емхананың бас дәрігері Айман Оспанова

Емхана ішінен ашылған дәріханалар тіркеуде тұрған азаматтарға дәрігердің рецепімен береді. Дәл қазіргі кезде көбіне медициналық ұйымдарда жүрек ахауымен есепте тұратын пациенттер дәрілік заттарын тегін алуда. Сондай-ақ қаладағы емханаларда дәрігерлердің жүктемісі азайып, 60-қа жуық жаңа часкелер ашылды. Осыған сәйкес медициналық ұйымдарда терапевт және педиатр дәрігерлері толықтыралды.

Айта кетейік, Шымкентте смартфондық ақпараттық жүйеге күні бүгінге дейін 154 609 азамат тіркелген. Нәтижесінде мобильдік қосымша арқылы тұрғындар лабораториялық анализдердің қорытындысын алуға қол жеткізуде.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1

emxana_7@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 43-06-55
Медициналық мекеменің байланыс орталығы