about us icon Біз туралы

Басшылық

head doctor photo

Жанабаев Нурлан Смадиярович

Бас дәрігер

Задать вопрос Руководителю

Мен, Жанабаев Нурлан Смадиярович 1979 жылы мамыр айының 15-ші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Мәдениет елді-мекенінде дүниеге келдім. 1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Таскескен ауылындағы С. Торайғыров атындағы № 64 орта мектебін үздік бітірдім.

Білімім жоғары, мамандығым дəрігер.

1997-2003 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясының 040140 – «Емдеу ісі» мамандығын оқып бітірдім.

2003-2004 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Хирургия» мамандығы бойынша интернатурада оқыдым.

2013-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының 6М110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі берілді.

2014-2017 жылы Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 6D110200 – «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша  философия докторы (PhD) дәрежесіне ие болдым.

Қызмет жолдарым:

2004-2005 жылдары – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Госпитальді хирургия және жедел жәрдем курсы» кафедрасының оқытушысы;

2005-2007 жылдары – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Госпитальді хирургия және жедел жәрдем курсы» кафедрасының оқу-ісі меңгерушісі;

2007-2009 жылдары – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясында «Факультеттік хирургия» кафедрасының оқу-ісі меңгерушісі;

2009-2011 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті оқу клиникалық базасының (ОКБ) «№ 2 хирургиялық аурулар» кафедрасында хирургия мамандығы бойынша оқытушы және ОКБ «Емдеу ісі» факультетінің декан орынбасары;

2011-2012 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті оқу клиникалық базасының «№ 2 хирургиялық аурулар» кафедрасында хирургия мамандығы бойынша оқытушы және ОКБ «Жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары;

2012-2013 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті оқу клиникалық базасының «Хирургиялық пәндер және жүрек-қан тамырлар хирургиясы» кафедрасында аға оқытушы, ОКБ «Стоматология және жалпы медицина» факультетінің декан орынбасары;

2014-2016 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті «Дипломнан кейінгі білім беру» Шымкент медицина институтының «Хирургия, анестезиологиялық-реанимация және жедел жәрдем» кафедрасының қосымша магистр оқытушысы;

2017-2018 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті ««Дипломнан кейінгі білім беру» Шымкент медицина институтының «Хирургия, анестезиологиялық-реанимация және жедел жәрдем» кафедрасының PhD докторы;

2018-2019 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Дипломнан кейінгі білім беру» Шымкент медицина институты директорының ұйымдастыру ісі жөніндегі орынбасары;

2019-2020 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент медицина институты директорының оқу-әдістемелік және клиникалық ісі жөніндегі орынбасары;

2021-2022 жылдары – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент кампус директоры;

2022-жыл ЖШС «Naz Med» клиникасында комерциялық директор;

2022-жылдың қыркүйек айынан бастап, қазіргі таңға дейін Түркістан облысы «Облыстық фтизиопульманология орталығы» ШЖҚ МКК-да маниторинг және бағалау тобының дәрігері қызметін атқардым.

2024 жылдың 5 тамызынан бастап Шымкент қаласы ДСБ ШЖҚ №7 Қалалық емханасының бас дәрігері лауазымындамын.

Үйленгенмін, екі ұлым бар.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1

emxana_7@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 43-06-55
Медициналық мекеменің байланыс орталығы