about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

2024 жылы бірыңғай жиынтық төлем болмайды: МӘМС төлемін қалай жасаймыз?

Келесі жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алынып тасталады деген сыбысты ести сала, анығын білу үшін…

30, Маусым

Келесі жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алынып тасталады деген сыбысты ести сала, анығын білу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласып, «МӘМС-ке жарнаны қалай төлейміз?» деп сұрайтын азаматтар жетерлік. Шынымен де 2024 жылы бұл төлем түрі болмай ма? Болмаса, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар МӘМС төлемдерін қалай төлейді? Бұл медициналық сақтандыру қорының шешімі ме? Осы және өзге де сауалдардың жауабын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стратегия департаментінің директоры Дамир Көбжасаровтан сұрап білдік.

БЖТ қашан және қандай мақсатпен енгізілді?

Дамир Көбжасаровтың айтуынша, бірыңғай жиынтық төлемін алып тастау Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шешімі емес. БЖТ жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін) уақытша енгізілген еді әрі оны тек басқа жеке тұлғаларға жеке қосалқы шаруашылық өнімдерін сататын және қызметтер көрсететін жылдық табысы 1175 айлық есептік көрсеткіштен аспаса төлей алады. Басқа жағдайда бұл төлемді пайдалануға болмайды. Алайда бұл норманы жұмыссыз әрі тұрақты жұмысы жоқ азаматтар, бала күтімі бойынша бір жарым жасқа дейінгі әлеуметтік төлемдерді алу үшін жүкті әйелдер пайдаланып келеді.
• Бірыңғай жиынтық төлем республикалық және облыстық маңызы бар қала тұрғындары үшін бір айлық есептік көрсеткіш көлемін және басқа елді мекендердің азаматтары үшін 0,5 АЕК құрайды. Яғни, биыл БЖТ мөлшері тиісінше 3 450 теңге және 1725 теңге.
Бірыңғай жиынтық төлем төлеуші ретінде тіркелудің артықшылығы өзін өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды БЖТ төлемегені үшін қандай да бір жауапкершілікке тарту шарасы қарастырылмайды. Алайда өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бірыңғай жиынтық төлемнің бір айын уақытылы төлемесе, сақтандыру мәртебесінен айрылады. Сондықтан ай сайын төлем уақытын өткізіп алмау маңызды немесе алдағы кезеңдерге алдын ала төлем жасау керек.
«Бірыңғай жиынтық төлемнің негізгі және жалғыз мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру жүйелеріне тарту. Сондықтан бұл төлемдері төмен жеңілдік кезеңі болды. Қазір жеке тұлғалардың табысын декларациялау кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Бұрын кәсібін тіркемеген азаматтар кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе жалдамалы қызметкер болып жұмыс істеуі керек», – деді Дамир Көбжасаров.

Келесі жылы БЖТ болмаса,
басқа төлем түрі енгізіле ме?

БЖТ төлеген азаматтар әрі қарай дербес төлеуші ретінде төлем жасай алады (2023 жылы – 3500 теңге). Осы жерде ескеретін жайт, азаматтардың сақтандырылған мәртебесі болуы үшін, МӘМС туралы заңға сәйкес, 12 айға төлемі болуға тиіс. Егер БЖТ төлеушілердің өткен 1 жылға төлемі болса, 2024 жылдан бастап әр ай сайын дербес төлеуші ретінде төлем жасай алады. Ал толық 12 айға төлем жасалмаса, мысалы ағымдағы жылы 7 айға төлемі болса, азаматтар төленбеген 5 айға дербес төлеуші ретінде әр айға 3500 теңгеден төлеп шыға алады. Келесі жылдан бастап ай сайын жарна төлей береді. Ал ағымдағы жылы 3-4 айға БЖТ төлеген адамдарға алдағы 12 айға төлем жасап, 1 жылға алдын ала сақтандырылған мәртебесін алған тиімді.
Дамир Көбжасаровтың айтуынша, тұрақты табысы жоқ ауыл тұрғындарының (90 мыңға жуық адам) МӘМС жүйесінен тыс қалу қаупі бар. Қазір осыған байланысты ауылдық аймақтарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әзірше, азаматтар алдағы жарты жылда БЖТ-ны төлей береді. 2024 жылы сақтандырылған мәртебесін жоғалтпау үшін азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп немесе дербес төлеуші ретінде жарна төлейді.
Төлем Қазақстанның кез келген банкінде, банктердің мобильді қосымшалары арқылы және «Қазпошта» бөлімшелерінде қабылданады. Төлем жасау кезінде ақша аударылатын тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірін, төлем жасалатын айды көрсету керек.

Егер сіздің тағы да сұрақтарыңыз болса немесе медициналық көмек алуда қиындықтар туындаса, өз емханаңыздағы «Пациенттерді қолдау қызметіне» жүгініңіз. Ал ол жерде мардымды жауап ала алмасаңыз, Қордың өзіңізге ыңғайлы арналары бойынша өтініш-шағымдарыңызды қалдыра аласыз:
– fms.kz ресми сайты,
– Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
– Telegramдағы SaqtandyrýBot
– 1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сондай-ақ Электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне медициналық көрсетілетін қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1

emxana_7@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 43-06-55
Медициналық мекеменің байланыс орталығы