about us icon Баспасөз орталығы

Жаңалықтар

news image

Байқау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу

«Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі…

18, марта

«Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, Шымкент қаласының әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (бұдан әрі – ШЖҚ МКК)

ШЖҚ «№1 қалалық клиникалық аурухана» МКК

ШЖҚ «№2 қалалық аурухана» МКК

ШЖҚ «№3 қалалық аурухана» МКК

ШЖҚ «Қалалық онкологиялық орталық» МКК

ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» МКК

ШЖҚ «Т.О.Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» МКК

ШЖҚ «Қалалық балалар клиникалық ауруханасы» МКК

ШЖҚ «Қалалық перинаталдық орталық» МКК

ШЖҚ «Қалалық перзентхана» МКК

ШЖҚ «№2 оңалту орталығы» МКК

ШЖҚ «Қалалық диагностикалық орталық» МКК

ШЖҚ «Жедел медициналық жәрдем көрсету станциясы» МКК

ШЖҚ «№1 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№3 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№4 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№5 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№6 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№7 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№8 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№10 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК

ШЖҚ «Жоғары медициналық колледжі» МКК

ШЖҚ «Залалсыздандыру орталығы» МКК

(Конкурсқа қатысу туралы өтініште жоғарыда аталған ұйымдардың бірін көрсету қажет)

Байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу бойынша конкурстың басталғаны туралы хабарлайды.

Денсаулық сақтау саласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Мынадай:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді және”2022 жылғы 01 Сәуір 10 сағат 00 минутқа дейін ашпаңыз» деп көрсету қажет. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Конкурстық құжаттарды қабылдау – 2022 жылғы 1 наурыздан бастап.

Конкурстық құжаттарды қабылдауды аяқтау – 2022 жылғы 31 наурызға дейін.

Конкурсты өткізу күні мен орны – 2022 жылдың 01 сәуірі, Шымкент қаласы, Республика даңғылы, 12А үй, 706, 160000 кабинет.

Анықтама телефоны +7 (7252) 56-23-30.

Байланыстар

ГКП на ПХВ "Городская поликлиника №7"

Мекен-жайы:

Email:

РК, г.Шымкент, мкр. Онтустик, 8/1

emxana_7@mail.ru

phone icon 1414
Бірыңғай байланыс орталығы
phone icon 43-06-55
Медициналық мекеменің байланыс орталығы